Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 қаңтарда болған. Аталған жайт бойынша денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.
"Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген полиция мәліметінде.