Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 9 қаңтар күні үйінен шығып кеткен 1985 жылы туған аудан тұрғыны осы уақытқа дейін оралмаған.
"Бейіттің қасында келе жатырмын". Атырау облысында жоғалған азамат әлі табылар емес
4,794
оқылды

Із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22.30 шамасында "Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан, –  деп хабарлады Aiqyn.kz.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі Төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.