Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді: 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: ktk.kz
3,030
оқылды

"Қазгидромет" 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады. 

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.