Оларға әкімшілік жауапкершілік негізінде айыппұл салынды.
ШҚО-да заңды бұзған басшылар жауапқа тартылды
Фото: ult.kz
558
оқылды

Самар ауданында бөлім басшылары «Прокуратура туралы» конституциялық заңды бұзды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық әкімдіктің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары «Прокуратура туралы» конституциялық заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Самар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу нәтижесінде азаматтардың заңды құқығы, бостандығы мен мүддесін іске асыру қажет бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады. Осы факті бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізген.

Алайда 3 бөлімнің жауапты басшылары ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамаған. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша 3 басшыға 8 АЕК мөлшерінде (29 536 теңгеден, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл салынды.

Әкімшілік ықпал ету шараларын жедел қабылдағаннан кейін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілді.

Сондай-ақ 7 НҚА дәйектеліп, келісім үшін жіберілді.