Өнер иесінің айтуынша, мұндай жағдай өмірінде алғаш рет болған.
"Өмірімде болмаған оқиға": Мақпал Жүнісова концертте қызық жағдайға тап болғанын айтты
3,512
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова гастрольдік сапарында қызық жағдайға тап болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесінің айтуынша, мұндай жағдай өмірінде алғаш рет болған.

Мақпал Жүнісова басынан өткен қызықты оқиға туралы Instagram парақшасында айтып берді. Әнші Кеген ауданына концерт беруге барғанымен, сахнаға киіп шығатын киімдерін үйінде ұмытып кеткен. Сол себепті өнер иесі жергілікті дүкеннен камзол сатып алуға мәжбүр болған.

"Кеше өмірімде болмаған болды. Таңғы 7-де Мерей Кегенге шығарып салды. Домбырамды, концертке киетін бас киімді алып, чемоданға аяқкиім мен косметиканы салыппын. Ал концертке киетін костюмдерді үйде қалдырып кетіппін. Сол жақтан қыздар дүкенге барып, ұзын қара юбка мен камзол сатып алып келді. Сонымен концертті бастадық. Соңына қарай киімім жетті. Мерей таксимен жібертті. Халыққа түсіндіріп айттым, бәрі жақсы өтті", – деп жазды Жүнісова.