Есірткі пайдаланған көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған.
Есірткі шегіп, жолаушы тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: Polisia.kz
830
оқылды

Ол марихуананы пайдаланған. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлер Жақсы – Есіл-Бұзылық жолында Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғынын тоқтатты. Toyota Alphard маркалы көлік иесі  заңсыз тасымалмен айналысқан. Тексеріс барысында полицейлер жүргізуші елордадан Қостанайға жолаушы тасымалдағанын анықтады. Жолға шығар алдында және жолда ер адам марихуана қолданған. Тоқтатқан кезде көлікте болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген. 

Такси жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды. Полицейлер жолаушыларды жақын маңдағы теміржол вокзалына жеткізеді.