Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматыда тағы 2 балдық жер сілкінісі сезілді
9,608
оқылды

ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15 сағат 07 мин 09 сек (2024 жылғы 23 қаңтар Гринвич бойынша 09 сағат 07 мин 09 сек) жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы –  11.6.

MPV магнитудасы –  4.9.

Эпицентрдің координаттары  – 41.14° С. Е. 78.57° ш. б.

Тереңдігі  – 5 шақырым.

Сезілетіні туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында –  2 балл.