Ақмола облысы Целиноград ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен мүмкіндігі шектеулі адам іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ақмолада мүмкіндігі шектеулі ер адамды бір айдан бері іздеп таба алмай жатыр
931
оқылды

Мүмкіндігі шектеулі адамның ізім-қайым жоғалғаны туралы Целиноград ауданының полиция бөліміне Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны хабарласқан.

Оның айтуынша, 53 жастағы ағасы 26 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Арызданушы әйелдің айтуынша, ағасы ІІ топтағы мүгедек. Өз бетінше өмір сүруге қабілетсіз. Сондай-ақ кіші бауырымен бірге Қоянды ауылында тұрған. Бағыт-бағдарсыз өз бетімен кетіп қалуы да мүмкін. 

 

– Хабар-ошарсыз кеткен ер адам осыған дейін де бірнеше мәрте үйінен бірнеше күнге үйінен кетіп қалған болып шықты. Бірақ арада біршама уақыт кеткенде аман-есен оралған. Соңғы рет желтоқсанның басында үш-төрт күнге кетіп қалып, бірақ келгеннен кейін қайда болғанын жақындарына түсіндірмепті, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі. 

Бойы шамамен – 165 сантиметр. Арық денелі ер адам сұр түсті сырткиім, тоқылған қара түсті баскиім, қара етік пен шалбар киген. Полиция қандай да бір ақпарат білген адам болса 102 телефоны арқылы құқық қорғау органдарына немесе +7 702 699 0899 телефонына хабарласуды сұрайды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы