Төраға орынбасары Қазақстан әйелдер құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі, құқықтық база және адам құқықтарын қорғау тетігі жасалды.
«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бағыттардың бірі – Қазақстанда гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу, әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуға тең мүмкіндіктер жасау болып табылады. Сайлаудағы партия тізімдеріне, сондай-ақ депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға заңнамалық деңгейде 30% квота енгізілді. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары өкілді органы – Қазақстан Парламентінде 31 әйел бар, ол жалпы депутаттар санының 21%-ын құрайды. Оның ішінде Сенаттың 24%-ы, Мәжілістің 19%-ы әйелдер болып отыр», – деді Ольга Перепечина.
Кездесуге қатысушылар адам әлеуетін дамыту мен теңдей қатысу, тиімді институттар, адам құқықтары мен гендерлік теңдік, сондай-ақ инклюзивті экономикалық өсу мен экологиялық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Парламентші тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның отырыстары туралы айтып берді. Онда денсаулық сақтау мен білім берудің сапасын көтеру және экологияны қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Ник Хартманн өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады және барлық бағыттардағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге назар аударды.