Шаруа қожалығына 500 млн теңге сомасында кредиттік қаражат берілді.
Павлодар облысында прокуратура кәсіпкерге мемлекеттен қарыз алуға көмектесті
Фото: gov.kz
738
оқылды

Павлодар облысында инвестор нысанды салу кезінде мемлекеттен қарыз алу проблемасына тап болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Успен ауданында «БИК» ШҚ инвестиция сомасы 3,1 млрд теңгеге 20 жаңа жұмыс орнын құратын «500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу» жобасын іске асырып жатыр.

«Бүгінгі таңда жобаға шамамен 1 млрд теңге өз қаражатын салған. Нысанды салу кезінде инвестор мемлекеттік қарыз алу проблемасына тап болған. Осыған байланысты аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырды, онда инвесторға кредитті ресімдеу және қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша жәрдем көрсетілді», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде шаруа қожалығына 500 млн теңге сомасында кредиттік қаражат берілді (бірінші транш).

Осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Нысандағы жұмыстар жалғасып жатыр.