Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 2024 жылғы 24 қаңтарда тағы 2 жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сейсмологтар бұл екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Қытайда – Алматыдан 268 шақырым және оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде орналасқанын түсіндірді. Жерасты дүмпулері 1 сағат айырмашылықпен болған.
8 сағат 54 минут 03 секундта:
жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,4;
MPV магнитудасы – 5,1;
Эпицентр координаттары – 41,13° солтүстік. 78,56°D;
тереңдігі – 5 шақырым.
9 сағат 56 минут 25 секундта:
жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,6;
MPV магнитудасы – 4,7;
Эпицентр координаттары – 41,12° солтүстік. 78,56°D;
тереңдігі – 7 шақырым.
«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметтері бойынша, екі жағдайда да Қазақстан аумағындағы дүмпу сезілмеген.
Олардың бұған дейін 3 жер сілкінісін тіркегені де хабарланды.
Сағат 2:38-де:
Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым;
Сағат 7:35-те:
Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым;
Сағат 8:39-да:
Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 212 шақырым жерде.