Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.
Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.