Бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан Савельевтің Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады.
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының заңды өкілі шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден
1,870
оқылды

Бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан Савельевтің  Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист  Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қайырлы күн,  2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен сәбиі шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген әрі  өздері жерлемеген аналардың өзі я болмаса туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз», – деді Қ.Досжан  бейнеүндеуінде.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.