Жұмыс сапары қорытындысы бойынша Премьер-министр өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізеді.
Үкімет басшысы Қостанайда «Ауыл аманаты» жобасының барысымен танысып, жастармен кездеседі
766
оқылды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ресми жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы өңірде «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының барысымен танысып, шығармашыл жастармен кездеседі.

«Сонымен қатар Әлихан Смайылов машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралайды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша Премьер-министр өңірді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізеді», – деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.