Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді. Зілзаланың ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым қашықтықта Қытай аумағына болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 14 сағат 17 минут 56 секундта) жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41.09° с.е. 78.49° ш.б. жатыр. Тереңдігі 5 км.
Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.
«Алматыда жер дүмпуі 2 балдық болды. Қала тұрғындарына сезілді», – делінген хабарламада.