«Қазгидромет» РМК 27-29 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады; солтүстік және шығыс облыстарда боран соғады; оңтүстік облыстарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын; 29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.