Кең ойлап, тең өлшейтін

Қазақ баспасөзінде өзіндік қолтаңбасы бар Шәмшидин Пәттеевтің редакторлық қолтаңбасы халықаралық «Түркістан» басылымының қалыптасу және даму кезеңдерінен айқын көрінеді.

Түркістан басылымының дүниеге келу кезеңіне көз салар болсақ, Қазақ­стан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары елде бұрынғы кеңес заманындағы байла­ныс­тардың барлығы үзіліп, тоқыраудың нағыз зардабын тартып, экономикалық қиын­­дық­­тарға ұшырап жатқан аса бір қиын кезеңде осындай рухани үлкен жобаны қолға алу қа­­зақтың қадірлі қаламгері Қалтай Мұхамеджановтың жанында серік болып, Шәмшидин Пәттеевтің осы басылымның қаз-қаз тұруына сіңірген еңбегі деп айтар едім.

Тәуелсіздіктің көк бай­рағы желбіреген соң, «Түркістан» идеясы­­­ның қолға алынуы заңды. Бұл «Түркістан» – кеше Мұстафа Шо­қай, Тұрар Рысқұлов ар­­­­ман­дап жете алмаған, барша түркі елінің басын қоссақ, түбі бір туыс елдер бірігіп отырса, өзгеге сес көрсететін мем­лекет құрар едік деген идея еді. Әрине, ол идея кешегі 70 жыл билік орнат­қан кеңес заманының саясатына кереғар болды. Сон­дықтан да, бұл идеяны тамырына балта шапты деп айтсақ және оны қол­­­дағандардың көпшілігінің тағ­­­дыры тауқыметке айналды десек ақиқаттан алыстамаймыз. 

Осындай аумалы-төккелі заманда Қазақ­стан кешегі кеңес мұрасы болып қалған қиын­­­дықтардың құрсауынан босай алмай тұрғанда, «Түркіс­тан» басы­­лымын шығару қазақ рухания­­­тындағы үлкен сілкініс, үлкен белес болды. Осы кезеңде Қал­тай Мұхамед­­жанов қолға ал­­ған басылымға алдымен Шәм­­шидин Пәттеев орынбасар болып келіп, сол заманның ағымы­­­на сәйкес, басылымның қар­­­жылық жағ­­дайы­­­ның жақсаруына көп еңбек сіңіргенін әріп­­­тестері жақсы біледі. Қалағаңнан кейін ба­сы­­­­­­­лымның тізгіні Шәмшидин Пәт­­­­теевке бұйырды. Сол кезде Түркістан қандай басы­­лымға айнал­ды деген сауал туындауы заңды. 

«Түркіс­тан» бұл уақытта бағыт-бағдарын ай­­­қындаған, өзіндік ор­­­ны бар басылымға айналды. Ол бағыт – Қазақстан нағыз дер­бес ел, шынайы тәуелсіздікке жет­­­кен, сыртқы сая­сатта да өзін­дік көзқарасы, өзіндік жолы болуға тиіс деген бағыт. Жасыра­­­тыны жоқ, мен өзім сол кезде еліміздің бас басылымы «Қара шаңы­­­рақ», «Егемен Қазақстан» газе­­тінде басшылық қызметін атқарып жүрдім. Біздің басы­­­лымдар мә­­­селенің дәл осы тақы­­рыбына ашық қарай қой­майтын. Әлемде бо­лып жатқан жаңа­­­лық­­­тар, көр­­­шілес елдердегі сая­­­­си өзге­ріс­­тер мен оларға саяси баға беріп, өзімізбен салыстыру «Түркіс­тан» газетінен басқа басы­­лымдарға тән болған жоқ. «Түркіс­тан» қазақ баспасөзінің осы олқылығын толтырды. 

Шәкең басқарған жылдар ішінде «Түркіс­тан» нағыз ха­лықаралық тақырыпқа жазатын, түркі бірлігіне үндейтін, жұрт санасатын басы­­­лымға айналды деп айта аламын. Бір айғағы –  кезінде елдің Сыртқы істер министрі қызметін атқарып жүрген Қасым-Жомарт Ке­мел­ұлының осы басылым бетінде өткір мақаласының жа­­рия­­­­лан­­ғаны біздің есімізде. Дәл осын­­­дай фор­­матта ол кісі баспа­­сөзге мақала, сұқбат берген емес.

Бір мәселені айтайын, осы­дан 15 жылдай бұрын «Түркістан» басы­­­лымында «Путинді кім тоқ­татады?» деген сараптама мақала жарық көрді. Ол кездегі геосаяси жағдай қазіргімен салыс­­­тыр­­ғанда мүлде өзгеше. Басылым бе­­тінде жарияланған бұл мақала үшін басылым бас­­шылығы сөгіс алғанынан хабардармын. Ал қазір біздің журналистикада ха­­лықаралық тақырыптарға ма­­қа­­ла жаза­­­тындар некен-саяқ. Оның үлкен мектебі кезінде Шәмші тұсында қалыптасқан еді. Қазіргі басылым да елдің ертеңіне болжам жасайтын, геосаяси жағ­­­­дайдағы Қазақ­­­станның орнын айқын­­­­дайтын батыл пікірлерін айтатын болса, Шәкең салған жолдың даңғылға ұласатыны ақиқат. 

Шәкең ойын кесіп, жасыр­май бүкпей айта­тын жан ғой. «Түркіс­танның» тізгінін ұстап тұр­ған кезде, жазушы Жүсіпбек Қор­­­­­­­ғасбектің үйі­не бардық. Ауыз­­­ашардың кезі еді. Шәкең ыс­тық шәйін күтпей, бірден салқын газды суды ішті де, ар­­­тынан қазы-қартаның бір-екі кесе­­­гінен жеген ғой. Содан май қасқа суық су­мен қосылған соң оңа ма? Үй-үйімізге тара­­ған соң, шамалы уақыттан кейін жұбайы Зәуреш хабар­­­­ласып, жедел жәр­­дем шақыр­­­ғанын айтты. Нұр­­­төре Жүсіп бізден бұрын жетіп, ас­­қазаны ауы­­­рып жатқан Шәкеңді көріп, «кісі тани ма?» деп сұра­­ғаны бар. Сон­­­­да асқазаны түй­­неп жатқан кісі күліп жіберсе керек. Бұл  Шәкеңнің қара­­­пайымдылығын, аңқаулығын біл­дірсе керек.

Шәкең 50 жасқа тол­ған ке­­зінде «Еге­мен Қазақ­­стан» газе­­тіне топтама дайын­­­­дадық. Топ­­тамада Қазақстанның ха­­­­­­­лық­­аралық жур­­на­­­листика саласын дамытып келе жатқаны қам­­­тылған. Айтайын дегенім, курстас­­­­тарының да лебізі қатар берілді. Олардың арасында Шә­­кеңнің жақын досы қайраткер Амалбек Тшанов та тұр. «Курс­­тастар лебізі» деген айдар қойыл­ған. Газет шығып, тойына апа­рып, таратып жүрген кезде «Амал­­­­бек Тшанов та сіздің курс­тасыңыз екен ғой» деді басқалар. Ол қазір сек­­­­сеннің сеңгіріне кө­терілді. Шәкең Қалтай аға­­­ның қасында жүр­ді, оның досы Әбдіжәміл Нұр­­­пейісовпен де араласты, үйінде әңгімесін тыңдап, өзімен қатар адамдай жүрді. 

Шәмшидин Пәт­­­теев студент кү­­­нінен-ақ сыртқы саясатқа са­раптама жасауға құш­тар бола­­тын. Сол кездің өзінде әлі тәуел­сіздікке жетпеген қазақ елі­­нің болашағы туралы әңгі­мелер қоз­ғайтын. Айтып отыр­­ған бол­­­жамы жас жеткін­­­шіктерге аңыз-ертегі сияқты кө­­­рінетін. Бірақ болжамы дәл келгеніне куә­міз, еліміз тәуел­сіздік алды. 

Еркін ҚЫДЫР,

«Astana akshamy» газетінің редакторы