Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқығының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің 75 бизнес субъектілеріне 2,3 млн теңгеден астам сомаға кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталған. Бұл туралы Aikyn.kz астаналық бақылаушы органға сілтеме жасап мәлімдеді.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның нормаларына сәйкес, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
"Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісімшарт сомасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.