Журналистің сөзінше, осындай оқиғалар әлі де жалғасып келе жатыр.
Бала сату бизнес болған – Қымбат Досжан перзентханадағы шындықты жайып салды
990
оқылды

Танымал журналист Қымбат Досжан дәрігерлерге қатысты тың ақпаратты мәлім етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сұрауы бар" YouTube арнасына "Бармысың, бауырым" жобасының редакторы 2000 жылдары дәрігерлер баласын тастап кететін аналарға перзентін көрсетпегенін айтты. Тіпті, оларды тамақтандыруға да рұқсат бермеген көрінеді. Жағдайы төмен әйел босанса, баласын "шетінеп кетті" деп сатып отырған.

"Жағдайы жоқ немесе "көтеріп қойып едім" деп келген, әкесі жоқ, жігіті тастап кеткен келіншектердің перзентін дәрігерлер қайткен күнде де алып қалған перзентханада. Осындай саясат тұрған. "Сен бұл баланы өлтіріп аласың" деп ойын бұзған. Емізуге бермейді. Емізсе ана мен баланың ортасында байланыс орнап, қанша жас болса да "тастамаймын" деуі мүмкін ғой. Соны дәрігерлер өте жақсы білген. Бұл жалғыз Арқалық перзентханасына қатысты емес. Барлық перзентханаға қатысты. Жағдайы жоқ екенін көрді ма, "сенің өкпеңде тесік бар, соны емдеп кел", деп баласын алып қалған оқиға болған. 9 айдан соң емделіп келсе, баласын таппай қалған ана бар. Бұл  бизнес", деді журналист. 

Сонымен қатар Қымбат Досжан осындай оқиғалар әлі де жалғасып келе жатқанын айтты.

"Маған хат келді. Осыдан бір жыл бұрын келіншектің жанында жас әйел босанған. Бірақ келе салып айтқан. "Маған бала керек емес" деп. Ол босанған соң, келіншек перзентін сұраса да бермеген. Көрсетпеген",  дейді ол.