Қарағандыда шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ер адам соққыға жыққан.
Полицейлер Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның аты-жөнін анықтады
955
оқылды

Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген қарағандылықты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ер адам шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң  ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Ер адам ауладағы жолымен өте алмағанын айтып, дау шығарған. 

«Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер адамды ұстау бойынша кешенді шара жүргізіліп жатыр. Бұзақылықпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», – дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі. 

Бұған дейін  жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.