Шетелдік көлік жүргізушісі Қостанай облысындағы жол мамандарына ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері М-36 «Ресей шекарасы (Екатеринбург) – Алматы» республикалық маңызы бар автожолының 401-шақырымына бақылау кезінде Қостанай бағытындағы Қарабалық бұрылысында орға түсіп кеткен жүк көлігін анықтаған.
Жүргізушінің сөзінше, Т-тәрізді қиылыста қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығы оның көзіне шағылысқан, салдарынан жүк көлігі сырғанап, жол жиегіндегі орға түсіп кеткен.
Көлікті тізгіндеген Қырғызстан азаматы екені анықталды.
Дер уақытында өзіне жедел қызмет көрсеткен жол мамандарының жұмысына дән риза.
Бұған дейін бірнеше облыста ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.