Келесі аптадан бастап ол халықаралық бәсекелерде Қазақстанның намысын қорғайды.
Ресейлік тағы бір спортшы Қазақстан азаматтығын алды
Спорт-Экспресс
1,349
оқылды

Ресей Федерациясының тумасы Александр Шевченко ел азаматтығын алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы теннисші өзінің Instagram парақшасында айтты. 

“Барлықтарыңызға келесі аптадан бастап теннис кортында Қазақстан үшін ойнайтынымды жеткізгім келеді. Бұл жаңалықпен мақтанамын және кортта ойнау арқылы өзіме және елге есте қалар сәттер сыйлағым келеді”, - деген жазба жариялады.

Александр Шевченко 29 қараша 2000 жылы Ресейдің Ростов на Дону қаласында туған. Ол дәл қазір әлемнің 48-ракеткасы. Бір рет ATP 250 турнирінің финалында ойнаған. Ресей теннисшісі Анастасия Потаповаға (29-ракетка) жыл соңында үйленген.