Жиын барысында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемаларының орналасуы туралы сөз болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Көпшіліктің пікірі ескерілді. Кеген ауылында жаңадан бой көтеретін Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отыр», – деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 15 қаңтарда Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас беріліп, Құран бағышталған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асқа орай хат жолдап, қоғам қайраткеріне ескерткіш орнату қажет екенін айтты.