Бұл сауалға заңгер Алексей Бажков жауап берді.
Полицияның сіздің жеке куәлігіңізді өзімен бірге алып кетуге құқығы бар ма?
14,682
оқылды

Құқық қорғау органының қызметкерлері азаматтарды түрлі себептермен көшеде тоқтатып жатады. Сол кезде жеке куәлікті сұрайтын кездер де болады, деп жазды Aikyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, тәртіп сақшысының сіздің жеке куәлігіңізді қайтармай, өзімен бірге алып кетуге құқығы бар ма? Осы сұраққа заңгер Алексей Бажков жауап берді.

ҚР «Ішкі істер органдары туралы» заңның 6-бабына сәйкес, полицейлер өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын және тексеру үшін қажетті өзге де құжаттарды тексеруге құқылы. Заңда жеке куәлікті алып кету құқығы қарастырылмаған. Яғни, полицей сіздің куәлігіңізді өзімен бірге алып кете алмайды,  дейді ол.