Танымал эстрада әншісі Роза Әлқожа желіде сырқаттанып қалғанын мәлімдеді.
Түнде ұйқыдан қалдым: Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді
5,520
оқылды

Өнер иесі қазіргі таңда арнайы шипажайда ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін Instagram парақшасында жариялады. Соңғы кезде тарап жатқан вирус жұлдызды отбасын да айналып өтпеген. Әнші үйінде үш күн ауырып жатқан. Жағдайы жақсармаған соң, өнер иесі денсаулығын кәсіби мамандарға көрсетуді жөн көрген. 

"Денсаулық пен өмір берсін Алла баршамызға! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Жолымбет ағадан барып үш рет озонотерапия алдым. Содан "қой, өзіме қарамасам болмас" деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік. Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқастынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай, өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан-жаққа қарай бастадым. Адамда көңіл күй мен денсаулық болса алмайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да, ем алуға уақыт бөлу керек екен", - деп жазды әнші.