22 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ТЖМ 52859 әскери бөлімі мен "Спасск" оқу орталығының базасында "Алан-2" броньды доңғалақты машинасының базасында өтімділігі жоғары радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автомобилін қысқы тәжірибелік әскери пайдаланудың екінші деңгейі жүргізілуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.
"Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде терең қар жамылғысын еңсере отырып, төмен температура жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді", - делінген ТЖМ- дерегінде.
Естеріңізге сала кетсек, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген арнайы "Алан-2" радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді. Биыл тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдері техникасының паркін толықтырады.