Петропавлда қалың қар жауды.
Петропавлда қалың қар жауып, көпқабатты үйдің шатыры опырылды
Фото: serik__mukhamediev
890
оқылды

Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Әкімнің айтуынша, қар мен мұз шатырда жиналып қалған. 

 

«Бүгін Абай көшесі, 84-үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Шатыр мүлде жөнделмеген. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр. Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешеміз», – деді әкім.

Қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдарда салынған. Осы кезге дейін жөндеу жұмысы жүргізілмеген үйлер бар. Үйдің жай-күйіне меншік иелері назар аудармаған.