Ақмола облысының тұрғыны діни алауыздықты насихаттағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көкшетеу қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны И. Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған жазба мен видео жариялаған.
Сотта бұл іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Оның кінәсі әлеуметтік желідегі жазбасы, куәгерлердің айғағы, сот сараптамалары нәтижесі арқылы расталды.
Сот жаза тағайындау барысында кінәлінің кәмелетке толмаған балаларының барын және бұрын сотталмағанын ескерді.
Осылайша сот үкімімен И. 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Әзірге сот актісі заң күшіне енген жоқ.