Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті", - деп жазды Қымбат Досжан.
22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.