Айшолпан артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады.
Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Түркияда ота жасалды
Фото: видеодан алынды
4,145
оқылды

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Стамбұлда өзіне жасалған ота сәтті өткенін жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айшолпан артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінгенін айтады.

«Елдер арықта деп келемеждеп, мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын. Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз Стамбұлға кел деп шақырған @satjan_toktarbay ағама, @aidyn_nury апама, @medisathealth компаниясына мың алғыс! Жалпы асқазаныма 2 ота жасалды. Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Инстаграм парақшама, алты сағаттай уақыт ішінде 1700-дей пікір жазылыпты. Барлығы саулығымды тілеген, демеу берген, қайрат беріп, Алладан рахым сұрап, дұға жасаған ақ тілектер екен. Кәдімгідей қуанып, қуаттанып қалдым. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді шын сезіндім. Қазақ елім сіздерді жақсы көремін», – деп жазды айтыскер ақын.

Желі қолданушылары Айшолпан Тілеутайдың тезірек сауығып кетуін тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.