Маңғыстау облысында тұрғын оқушыны зорлап, ағасын өлтірмек болған.
18 рет пышақтаған: Маңғыстау облысында көршісі зорламақ болған қыз ауруханадан шығады
Фото: 24.kz
1,170
оқылды

Маңғыстау облысында тұрғын оқушыны зорлап, ағасын өлтірмек болған. Қыз бала ауруханадан шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қаунов айтқан.

"Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уақытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлер бақылауында болады", – деді Қаунов.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған еді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау облысының Жетібай ауруханасы хирургия бөлімшесі меңгерушісінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт 30 жерден, 14 жастағы қыз бала 18 жерден пышақ жарақатын алған.