Ол туып-өскен қаласынан отбасымен Астанаға қоныс аударып жатыр.
Екі аптадай кеткім келмей жылап жүрдім: Байзақова соңғы жаңалығымен бөлісті
Ulysmedia
862
оқылды

Танымал блогер Айжан Байзақова өміріндегі соңғы өзгерістерді баяндады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол туып-өскен қаласынан отбасымен Астанаға қоныс аударып жатыр. 

“Біз Астанаға көшіп жатырмыз. 2022 жылы Нұрбектің ата-анасымен танысуға келген кезде әкесіне "Баламыз туғанда келеміз" деп уәде берген едік. Бірақ  ата-енем Алматыға көшіп келеді деп үміттендік. Асад дүниеге келгелі ата-анамыз Алматыда біздің қасымызда болды. Осы уақытта ол кісілерге қатты үйреніп қалдым. Сосын уәдемізде тұрайық деп шештік. Бұл шешімді қабылдау оңайға соқпады. Мен Алматыны сүйемін. Астанадан үнемі қашатынмын. Бірақ отбасыммен бірге болғым келді. Бұйыртса, Алматыға қонаққа келіп тұрамыз", – дейді жас ана. 

Сонымен қатар блогер жаңа қалаға үйрену үшін оқырманынан көмек сұрайтынын ескертті. Екі аптадай кеткісі келмей, жылап жүргенін де жеткізді.

"Жұрт ақымақсың деп мені сөгіп жатыр. Маған шынымен де қала алмастыру қиынға соқты. Басқа мемлекетке көшкім де келмейді. Мен Алматыны шексіз сүйемін. Астана туралы ештеңе білмеймін. Қай жерде не бар екені және оған қалай жету керегінен де хабарсызбын. Сондықтан оқырманымнан көмек сұрайтын боламын. Бұл қалаға да үйреніп, ғашық боламын деп үміттенемін. Сіздерден де қолдау күтемін. Әйтпесе Нұрбектің шамасы келер емес”, – деп әзілдеді блогер.