Үйінді астында қалған адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Қарағанды облысында 2 қабатты үй опырылып, тұрғындар үйінді астында қалды
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
855
оқылды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 2 қабатты үйде жарылыс болды. Салдарынан баспана опырылып, адамдар үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 қаңтар түнгі 00.07 шамасында Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті Әуезов көшесіндегі қосқабатты 12 пәтерлі үйде жарылыс болған.

Облыстық ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллоны жарылғанын айтты.

Екінші қабат жартылай опырылған. Өрт шықпаған. 

«Опырылған аумақ анықталып жатыр. Біздің болжам бойынша, үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Оқиға орнында 45 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр», — дейді Мұрат Қатпанов.

Қазір үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілді.

Басқа адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.