Көліктерді жалған құжатпен тіркеген.
«400 миллион теңге»: Ақмолада автокөліктер жалған құжатпен заңсыз тіркелген
652
оқылды

Қылмыстық істер жөніндегі тергеу барысында Ақмола облысында 55 автокөлік тізімге жалған төлем және есеп құжаттарымен тізімге алынғаны анықталды. Бұл туралы Экономикалық тергеу департаменті мәлім етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Ведомствоның жүргізген тергеу нәтижелеріне сенсек, алғашқы тіркеуге жинақтың төленбегені үшін мемлекетке 401,3 миллион теңге сомасында шығып келген. 

Қылмыстық іс схемасын ұйымдастырушы Ақмола облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірге 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін тиісті жиындар мен төлемдерді төлемеу жолымен автокөліктерді алғашқы тіркеу, электронды өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын жасау және қолдануды ұйымдастырғаны анықталды,  дейді ведомстводан. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялауға болмайды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы