Аймақта ауа райы құбылмалы болып тұр.
Жамбылда республикалық маңызы бар жол жабылды
1,405
оқылды

"Қазавтожолдың" мәліметінше, бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысының «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолының 159-238 шақырым жабылды. Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Жалпы, республикалық маңызы бар автожолдарда 699 техника мен 1419 жұмысшы қар күреп жатыр. 

Бұған дейін  «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 26 көлік соқтығысқан жол апаты туралы жазған болатынбыз. Зардап шеккендер арасында бала бар.