Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ернұр Өтегенов ҚР ТЖМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
522
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ернұр Өтегенов 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, Көкшетау техникалық институтын, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы БҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет құрылымдарында инспектор, анықтаушы, аға инженер, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

2012-2019 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары.

2019-2021 жылдары – Павлодар облысы ТЖД бастығы.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы болып қызмет атқарған.