44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына қысқамерзімді кездесуге барған.
Абай облысында ер адам түрмедегі досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған
Фото: polisia.kz
883
оқылды

Абай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар жеткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

№19 мекемеде тәртіп бөлімінің тексеру тобы қызметкерлері тыйым салынған затты, яғни телефон мен қуаттағышы және құлаққап жеткізу әрекетінің алдын алды.

44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына қысқамерзімді кездесуге барған. Тексеру тобы қызметкерлері азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты тапқан. 

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды, – деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.