Асқазанына екі рет операция жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.
«Қайырлы кеш, баршаңызға! Ыстамбұлға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым», – деп жазған ақын.
Сонымен қатар ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.
«Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!», – деп жазған ақын.