Кәсіпкерлер тұтынушылардан банк арқылы ақша аударудың орнына теңгерім толтыруды ойлап тапқан.
Мобильді аударымдар: кәсіпкерлер жаңа ережелерді айналып өтудің схемасын ойлап тапқан
Фото: gov.kz
1,427
оқылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдар тексеріле бастағандықтан, кәсіпкерлер тұтынушылардан банк арқылы ақша аударудың орнына теңгерім толтыруды ойлап тапқан. Осыған орай Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов "жаңа төлем схемасын ведомство тексере ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер кәсіпкерлер ұялы телефон теңгерімін толтыруды сұраған жағдайда тексеру қалай жүргізілетінін сұрады. 

«Мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы керек. Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл  өте ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын. Банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне, банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі», – деп түсіндірді вице-министр.

Біржанов егер жаңа схема пайда болса, оны Қаржы министрлігі тексеретінін айтты.

«Егер бұл әдіс ұялы байланыс операторлары арқылы кеңінен таралса, біз мұндай бақылауды жүзеге асыра аламыз», – деді Біржанов.