Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы туралы өз ойын ортаға салды.
Нұртөре Жүсіп: Балаларға арналған қаржы көлемі де ұлғаяды
753
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» деген бастама көтеріп, осы мақсатты жүзеге асыру үшін құқықтық тетіктерді реттеп берді.

2024 жылы Ұлттық қордан осы мақсатқа бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 695 миллион доллар.  Бұл қаражатты еліміздегі 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлгенде 100 доллар 50 центтен келеді екен. Ал Ұлттық қор қаражаты көбейген сайын балаларға арналған қаржы көлемі де ұлғая түседі. Бүгін арнайы ашылған есепшоттарға алғашқы төлем түсті. Бұл ата-аналардың ертеңгі күнге деген сенімін арттырады.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев бүгін журналистерге берген сұхбатында Ұлттық қордан балаларға түсіп жатқан төлем көлемі бойынша бірқатар түсініктеме берді.

– Біз жыл өткен сайын Ұлттық қор қаражатын көбейтуге және үнемдеуге мүдделі болуымыз керек. Сонда балаларға бағытталған инвестициялық табыс көлемі де арта түседі , – деді.

Мемлекет басшысы бұған дейін алдағы уақытта ішкі жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру туралы айтқан болатын. Ел өміріндегі нақты өзгерістер осылайша оң нәтиже бере бастайтыны анық.