Баланың ата-анасына 2016 жылы ВИЧ диаогнозы қойылған.
Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жастағы бала көз жұмды
561
оқылды

Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 9 жастағы бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер балаға ата-анасы қажетті дәрі-дәрмекті бермеген, соның салдарынан қайтыс болды деп отыр.

Шамамен бір ай бұрын баланың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Бірақ беті бері қарамаған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ата-анасына 2016 жылы ВИЧ диаогнозы қойылған. Сол кезде-ақ нәрестені анасы енесінің қатаң нұсқауымен емізген дейді мамандар.

«Оның ата-анасының диагнозы 2016 жылдан бастап бізде тіркелді. Осы баланың да диагнозын 2016 жылы қойдық. Бала мен ата-анасы біздің орталықта есепте тұрды. Бірақ ата-анасы да, әжесі де осы диагнозды қабылдаған жоқ. Осы диагноз оларда жоқ деп айтып, бізде ем алған жоқ. Динамикалық бақылауға алынбаған, ем алмаған бала», – дейді Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сайрангүл Қасымбекова.