Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.
3 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Sputnik.kz
1,027
оқылды

Еліміздің 3 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында – 2 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді;

«Алматы-Ташкент-Термез» 159-476 км, Кенен а. – Ақшолақ а. – 317 км. 

Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді  (бұрқасын, шектеулі көрініс);

Жетісу облысында – 1 учаске:

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек. – Машат к. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1145 жұмысшы жұмылдырылды.