2024 жылғы 2 ақпанда «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы депутаттық фракциясының бірінші жиналысы өтті. Отырыста 2023 жылдың қорытындысы сөз етілді.
Жиналысқа «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ғабит Тәжімұратов, елордалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы Құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Отын-энергетиқалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты.
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады:
Жол картасын орындау аясында 2023 жылы 51 806 жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 17 нысан пайдалануға берілді. Мұқтаж азаматтарды жалдамалы және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1 416 пәтер берілді, оның ішінде жастар үшін 500 пәтер сатып алынды. 26 көппәтерлі тұрғын үйге және 30 лифтке жөндеу жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 7 нысанда (22 үй) 3,6 мыңға жуық үлескерге пәтерлер кілті берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы адамдар үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 132 грант мақұлданды.
Денсаулық сақтау саласында биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратумен патологиялық-анатомиялық бюро салынды, 3 қалалық емханаға, № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы ғимаратының инженерлік желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Қаланың медициналық ұйымдарына 375 жас маман жұмысқа орналастырылды. 45 дәрігер шетелде оқытылды және 872 медицина қызметкері ел ішінде оқытылды.
Абаттандыру саласында 31 қоғамдық кеңістік салынып, 62 спорт алаңын орнатуды қоса алғанда, 137 аула абаттандырылды.
ЖЭО-3 бірінші кезегінің құрылысы аяқталды, сондай-ақ Family Village тұрғын үй кешенінде 3,6 км және Шұбар тұрғын ауданында 1,2 км қоса алғанда, 96 км газ тарату желілері салынды.
Табиғи газға көшу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарынан 442 отбасы дотациямен қамтамасыз етілді, 170 мың ХӘОТ үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру сақталды, 1 516 адамды қамти отырып, кәсіпкерлікті дамыту және кәсіптік даярлау үшін семинарлар өткізілді. Әлеуметтік қолдау шараларымен 7 107 отбасы қамтылды.
№ 3 (НФС-3) сорғы-сүзгі станциясының пайдалануға берілуіне байланысты Астананы сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, сондай-ақ бірқатар тазарту құрылыстары, нөсер кәріздерінің коллекторлары салынуда, олар бойынша да аралық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
400 автобус сатып алынып, 13 км жаңа көше салынды, жалпы ұзындығы 52,8 км көшелерге орташа жөндеу жүргізілді.
Сақтаған Сәдуақасов 2023 жылды қорытындылай келе 2024 жылға арналған міндеттерге де назар аудару керектігін айтты:
«Біздің алдымызда биыл да үлкен міндеттер мен партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша ауқымды жұмыстар бар. 2027 жылға дейін әзірленген Жол картасын кезең-кезеңімен іске асыру. Депутаттық фракция 2024 жылға арналған нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауға алуы керек», – деді Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы.