Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.
БҚО прокуратурасы мемлекетке 231 миллион теңге сомасында жер телімін қайтарды
946
оқылды

Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Прокуратурамен жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізілді.

"Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн теңге сомасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды", – деп жазды бақылаушы органнан.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.