Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді.
ТЖМ Алматы маңында тағы жер сілкінгенін мәлімдеді
10,462
оқылды

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, – деп жазды Aikyn.kz.

Сейсмологтар оның афтершоктар екенін байқады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.

Магнитудасы – MPV 5.3.

Тереңдігі – 5 км.

Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ.

"Бұл – біздің сейсмологтар кейінгі 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы – 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді", – делінген ТЖМ мәліметінде.