Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі уақытта 36 жастағы ер адам такси жүргізушісіне жол ақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде жүргізуші мас жолаушыны қалалық полиция бөліміне алып келеді.
"Ол полиция бөлімшесінде де дөрекі мінез танытып, балағат сөздер айтып, такси жүргізушісін қорқытуын тоқтатпаған. Сол кезде полиция қызметкерлері Риддер тұрғынын тәртіпке шақырады. Бірақ ер адам бұл талапқа бағынбай, заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен екі рет ұрып жіберген", – делінген ақпаратта.