Балық аулау кезінде «Renault» жеңіл көлігі мұз астына түсіп кеткен.
Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті
601
оқылды

Төтенше оқиға бүгін сағат 02:16-да Осакаров ауданы Молодежный кентінен 10 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналының № 10 ГЭС-інде орын алған, – деп жазды Aikyn.kz.

"Анықталғандай, көлікте 3 адам болған. 2 адам жағаға өз бетімен шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмады. ТЖД күшімен 1985 жылы туған үшінші азамат іздестіріліп жатыр", – делінген Қарғанды облысы ТЖД хабарламасында.

Ведомство өкілдері қандай жағдай болса да көлікпен мұзға шықпауды ескертеді.