«Қазавтожолдың» мәліметінше, 4 ақпан сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Бүгін алты облыста жол жабылды
1,696
оқылды

Ақмола облысында – 1 учаске 

1. «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП – Қарағанды обл. шек. – 61 км (бұрқасын, шектеулі көрініс)  

Ақтөбе облысында – 2 учаске 

1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км. 

2. «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ к.-Ырғыз к. – 188 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Жамбыл облысында – 1 учаске 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел) 

Қарағанды облысында – 3 учаске 

1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск к.-Новостройка а. – 16 км. 

2. «Екатеринбург-Алматы» 1426-1446 км, ААП-Теміртау қ. – 20 км.

 3. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. -Теміртау ААП– 73 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Қостанай облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек. – Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

Ұлытау облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл.шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)  

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 432 бірлік техника және 563 жұмысшы жұмылдырылды.