«Қазгидрометтің» мәліметінше, ертең, 5 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Сондықтан 12 өңірде тұрғындарға сақ болуды ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктер ертең 12 өңірде боран болатынын ескертті
9,774
оқылды

Ұлытау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с.