«Қазавтожол» бүгін сағат 21.00-дегі ахуалды хабарлады.
Бірнеше өңірде барлық көлік үшін жол жабылды
960
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Ақтөбе облысында – 3 учаске 

  1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС – Қарабұтақ к. – 189 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады 

2. «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ к. – Ырғыз к. – 188 км. 

3.«Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз к. – Қызылорда обл. шек. – 87 км (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

«Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ. – РФ шек. – 100 км (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Қарағанды облысында – 1 учаске 

1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а. – Новостройка а. – 16 км (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Қостанай облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

Қызылорда облысында – 1 учаске 

1. «Самара-Шымкент» 1240-1360 км, Ақтөбе обл. шек. – Арал қ. – 120 км. (Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

Ұлытау облысында – 1 учаске

  1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.